Есептілік

«Орал қаласының ветеринария бөлімі» ММ

Орал қаласы, Мясокомбинат көшесі №7/1

07.12.2018ж бөліммен атқарылған жұмыс.

 

         Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламалар  бойынша  ұйымдастырылып, атқарылатын қызметтері:        

Бюджеттік 007 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:  

2018 жылға жергілікті бюджеттен 28 286 000 теңге қаражат бөлініп, күні бүгінге 24 737 500 теңге игерілді. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Орал қаласының ветеринария станциясы» мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорнымен  4915  ит  пен 348 мысық ауланды.

Бюджеттік 047 «Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы бойынша:

2018 жылға бөлінген қаражат 119 000  теңге.

2018 жылдың  күні бүгінге сарып ауруына қан сынамаларын зерделеу барысында 57 бас ІҚМ сауықтыру ЖШС «УСХОС» 128 бас), 19 бас ҰМҚ-ның сарып ауруына шалдыққаны анықталып ветеринариялық – санитариялық қағидаларға сәйкес ауруға шалдаққан малдар уақытылы жойылып жатыр. Күні бүгінге игерілгені – 119 000 теңге 100 пайызға игерілді.

Бюджеттік 011 «Эпизоотияға қарсы іс шаралар» бағдарламасы бойынша атқарылатын қызметтер

Эпизоотия - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы.

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуының алдын алу мақсатында «Эпизоотияға қарсы іс шаралар» бағдарламасы бойынша:

2018 жылға 10 687 000 теңге қаражат бөлініп, жоспарға сәйкес жұмыстар наурыз айынан бастап жүргізілуде және күні бүгінге  9 362 990,30 теңгесі игеріліп, 89 пайызын құрады.

Орал қаласы бойынша жыл басынан күні бүгінге дейінгі ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау және серологиялық зерттеу есебі туралы мәлімет 12-айлық жоспар бойынша:

 

Шаралардың атауы

Жылдық жоспар

12 айлық жоспар

Орындалғаны

1

Бруцеллез ауруы МІҚ

4761

4761

4761

2

Бруцеллез ҰМҚ

4419

4419

4419

3

Бруцеллез шошқа

215

215

215

4

Бруцеллез жылқы

2

2

2

5

Бруцеллез ит

16

16

16

6

Дерматит МІҚ

3500

3500

3500

7

Қарасан МІҚ (эмкар)

1750

1750

1750

8

Сібір жарасы МІҚ

3500

3000

3500

9

Сібір жарасы ҰМҚ

2760

2760

2760

10

Сібір жарасы жылқы

150

150

150

11

Сібір жарасы шошқа

500

500

500

12

Құтыру ит

2290

2290

2290

13

Құтыру МІҚ

530

530

530

14

Құтыру ҰМҚ

320

320

320

15

Дегилментизация

5000

5000

5000

 

Жыл басынан жоспарға сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы ақпарат:

 

Жануарлар түрі

Жылдық жоспар

орындалғаны

12-айлық жоспар

1

Ірі қара малы

1268

1268

1268

2

Ұсақ мал

1368

1913

1932

3

Жылқы

85

85

85

4

Шошқа

225

227

227

 

Орал қаласының ветеринария бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне сәйкес 1300   ветеринариялық анықтамалар  берілді.

 «Жануарларға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне сәйкес жануарларға ветеринариялық 360  паспорт берілді.

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау обьектілеріне 64 ветеринариялық-санитариялық қорытынды беріліп  мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнім
 мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға 37есептік нөмірлері берілді.

Қала бойынша жануарлардан алынатын өнімдерді ет және ет өнімдерін,сүт және сүт өнімдерін, балық және балық өнімдерін сату және сақтау ішкі сауда обьектілерінде (базарларда) жүргізіледі. Барлық базарларға келіп түскен өнімдердің сапасы ветеринариялық лабороторияларда тексеріліп сараптама актісі беріледі. Өнімдердің сатылуы мен адамдарға қауіпсіздігін жауапты мемлекеттік ветеринариялық  дәрігерлер күнделікті бақылап  отырады.

 

мед

говядина

конина

баранина

свинина

рыба

молоко

яйцо

5960кг

4818туш

803 туш

2767 туш

8526 туш

122027кг

118860л

619910шт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім басшысы                                                             Л.Ж.Уалиев