Ереже

Орал қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «___» ________№ _

 қаулысымен бекітілген

 

 

«Орал қаласының ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

                                                         Жалпы ережелер

1. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5.   «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген     басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1.

9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

        10. Осы Ереже «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

         12. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

 

2. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

13. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы болып Орал қаласының ветеринария салаларын тұрақты дамыту, халықтың  денсаулығын  адам  мен  жануарларға ортақ ауырулардан қорғау және ветеринариялық - санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады.

14. Міндеттері:

1) адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғауды ұйымдастыру;

      2) жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық іс - шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      3) ветеринариялық - санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс - шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      4) жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс - шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және жануарларды бірдейлендіру бойынша базаны жүзеге асыруды ұйымдастыру;

          6) адам мен жануарларға ортақ аурулардан, адамның денсаулығын                 қорғауды медицина қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастыру;

          7) қала аумағындағы  елді мекендерді адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру;         

          8) халықтың арасында ветеринария мәселелерін насихаттау.

15. Функциялары:

 1) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру; 
           2) ветеринариялық (ветеринариялық - санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп - ұстауды қамтамасыз ету;Якорь

 3) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс - шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;Якорь

           4) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; 

           5) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру; 

          6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

         7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

           8) мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық - санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;

           9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

         10) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп - қарауды жүргізу;

         11) эпизоотологиялық зерттеп - қарау актісін беру;

         12) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылауды және қадағалауды:

         ішкі сауда объектілерінде;

          жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай - ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп  пен  жемшөп  қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);

          ветеринариялық    препараттар    өндіруді   қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;

          экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік - аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

           экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының  қоздырушыларын  тарататын   факторлар  болуы  мүмкін  көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып - түю материалдарының барлық түрлері бойынша;

          тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;

          экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй - жайларында және қызметіне жүзеге асыру;

          13) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп - ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай - ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

          14) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

         15) тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс–шаралар өткізуді ұйымдастыру; 

          16) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай–ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс–шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

         17) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс - шаралар өткізуді ұйымдастыру;

        18) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

         19) қаланың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және  жұқпалы  емес  ауруларының  профилактикасы  бойынша ветеринариялық іс – шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;

         20) қаланың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы  бюджет қаражаты  есебінен  жүзеге  асырылатын  жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу; Якорь

          21) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет  қаражаты  есебінен   сатып   алынған  ветеринариялық  препараттарды сақтауды ұйымдастыру; 

         22) қаланың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс – шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

          23) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

          24) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;Якорь

          25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

16. Құқықтары мен міндеттері:

      1)    өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

2) малдардың жұқпалы немесе жұқпалы емес ауру түрлерінің профилактикасы бойынша ветеринариялық іс – шаралары жөнінде жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізуге;

          3) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін малдардың энзоотикалық ауруларының тізімдемесі бойынша жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізуге;

4) қаланың аумағында ветеринарлық–санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс–шаралар туралы жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізуге;

          5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттер.

 

3. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

17. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен Орал қаласы әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19.  «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.                                                        

20. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

2) «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы  қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

4) «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға  тәртіптік  жаза  қолдану  және  алып  тастаумәселелерін  шешеді;

6) «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;

9)  гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;

11) «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

         

         4. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

                                                         

22. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

25. «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

       «Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің                          

                           қарамағындағы  ұйымдардың тізбесі

          1. «Орал қалалық ветеринария станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.